Деректерді жүктеу...
ЭЛЕКТРОННАЯ БАЗА ДАННЫХ ПО ОБЪЕКТАМ МОНИТОРИНГА ЭФФЕКТИВНОСТИ
УПРАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИМУЩЕСТВОМ
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысын іске асыру үшін әзірленген және:
- мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингін іске асыруға қатысты мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысуы бар заңды тұлғалардың жыл сайынғы тізімін;
электрондық дерекқорға қосылған мониторинг объектілері бойынша ақпаратын (бұдан әрі – Электрондық база), атап айтқанда мониторингті орындауға тартылған тәуелсіз сарапшылар (консультанттар, консалтингілік ұйымдар) өткізген мониторинг объектілерін зерттеу нәтижесін қарау үшін арналған.
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде мемлекеттік мүлікті басқару бойынша (республикалық мүлік бойынша) уәкілетті орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлік бойынша) қызметкерлеріне Электрондық базаға қолжетімділік беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген мемлекеттік уәкілетті органның жазбаша өтінімі (өтінімнің бланкісін көшіріп алу) негізінде Электрондық базаға қолжетімділікті қамтамасыз ету іске асырылады.
Generated in 65ms